Бұршақ жауып, найзағай ойнайды: Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
296

"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 1, 2 және 3 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы күрт салқындайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Күздің алғашқы күні Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді. Елордада 1 қыркүйекте күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ пен дауыл болжанады, ал түнде үсік жүруі мүмкін. Алматыда қыркүйектің алғашқы екі күнінде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжанып отыр.

 

Астанадағы ауа райы

1 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +12...+14 градус болады. 

2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +15...+17 градус болады.

3 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

 

Алматыдағы ауа райы

 

1 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +21...+23 градус болады. 

2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, күндіз кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +21...+23 градус болады.

3 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +23...+25 градус болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызды екі жыл бойы зорлап, қорқытып кел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...