Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 1 наурызға тура келеді, деп хабарлайды Madeniportal.kz.202...
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: admbal.ru
«Қазгидромет» мәлімдеуінше, 24 қараша күні елдің бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа райы тұрақсыз болып, әртүрлі сипаттағы жауын-шашын түседі.
Солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын — жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі.
Ауа райының қолайсыз белгілері бірнеше өңірді қамтиды: солтүстік, шығыс, орталықта — төмен қоғалды боран, солтүстік пен шығыста — көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс аймақтарда — жел күшейеді.
Мұндай жағдайда автожүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, жолда ерекше сақ болу ұсынылады.
Қазақстанның қалған өңірлерінде ауа райы салыстырмалы түрде тыныш, жауын-шашынсыз, бірақ тұман түсетін аймақтар бар.