Полиция самокат тізгіндеушілерге үндеу жасады

Фото: ЖИ

АЙМАҚТАР
1108

Алматыда полиция электрлі самокатты пайдаланушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кейінгі уақытта электрлі самокатты пайдалану кезінде заң бұзушылықтар жиілеп кетуіне байланысты, олиция бұл көлік түрін басқару ерекше жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететінін ескертеді.

Қолдану ережелерін бұзу және самокаттарды ретсіз тұраққа қою жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалардың, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мобильді топтармен бірлесіп, қала көшелерінде тұрақты патруль жүргізіп жатыр. 

Жаяу жүргіншілердің немесе көлік қозғалысының еркін қозғалуына кедергі келтіретін, сондай-ақ самокаттарды тротуарлар мен жол бойына қою деректері анықталған жағдайда, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

"Электрлі самокатты пайдаланушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауға және Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамыз", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...