Астанада аптаптан кейін бұршақ жауады: 23-25 маусым аралығында Астанада ауа райы күрт құбылады

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
695

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 23-25 маусым аралығында Астанада ауа райы күрт құбылып, шаңды дауыл, найзағай мен бұршақ күтілсе, Алматыда аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астанада +37 градусқа дейін ыстық болады

23 маусым күні елордада күн қатты ысиды. Ауа температурасы күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріліп, тұрғындарды аптап ыстық күтіп тұр. Сонымен қатар күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алайда келесі күннен бастап ауа райы күрт өзгереді. 24 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Күндізгі температура бірден +23...+25 градусқа дейін төмендейді.

25 маусымда да тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай және бұршақ болатынын ескертті. Дегенмен ауа температурасы сәл көтеріліп, +25...+27 градус шамасында болады.

Алматыда аптап ыстық әлсіремейді

Алматы тұрғындарын алдағы күндері де ыстық ауа райы күтіп тұр. 23 маусымда күндіз ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.

24 және 25 маусым күндері қалада қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Соған қарамастан аптап ыстық басылмайды. Күндізгі температура +33...+35 градус деңгейінде сақталады. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына циклон әсер етеді. Оның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Кей жерлерде шаңды дауыл да болуы ықтимал.

Дегенмен циклоннан кейін солтүстік және орталық өңірлерде көптен күткен салқындық орнайды. Мамандардың болжамынша, бұл аймақтарда ауа температурасы +23...+28 градусқа дейін төмендеп, тұрғындарға жайлы ауа райы сыйлайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы әуежайының бірінші қабатындағы ұшу залында төбеден жолаушылардың үстіне ақ сұйықтық тамшылай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қазақстанның Республика күніне орай ерекше салтанатты рәсім өтті. Әлемге...