Қазан мен қараша айларында ауа райы әдеттегіден жылы болады

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
300

Қазгидромет биылғы күзге арналған алдын ала ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, қазан мен қараша айларында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°C жоғары болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Ал Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, сондай-ақ Атырау мен Маңғыстау облыстарында температура нормадан шамамен 1°C жоғары болады деп болжанып отыр.

Жауын-шашынға келсек, қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде және Абай облысында жауын-шашын қалыпты мөлшерден көп жаууы мүмкін.

Қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады деген болжам бар. Ал Алматы облысының кей аумағында, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан мен Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде температура қалыпты деңгейде болады.

Қазан айында жауын-шашын мөлшері елдің барлық аумағында шамамен нормаға сай болады деп болжанып отыр.

Қарашада да Қазақстанның басым бөлігінде күн райы әдеттегіден жылырақ болуы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, температура нормадан 1-2°C жоғары болады.

Ал Алматы облысы, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарының шығыс бөлігінде температура көпжылдық норма шамасында болады.

Қарашада жауын-шашын елдің басым бөлігінде қалыпты мөлшерде түседі. Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының солтүстік бөліктерінде жауын-шашын нормадан көбірек болуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...