55 жастағы жүргізуші қаққан 6 бала: Астанаға жеткізілген балалардың жағдайы ауыр

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1104

Абай облысынан санавиация бортымен Астанаға жеткізілген екі баланың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Балалар Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылған.

«21 тамыздағы ақпарат бойынша Абай облысынан елордаға жеткізілген балалардың жағдайы әлі де ауыр. Екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен үшінші бала Үржар аудандық ауруханасында қалды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр.

Еске салайық, 2 күн бұрын, яғни 19 тамыз күні Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші 6 баланы қағып кеткен. Салдарынан үш бала қаза тапты, қалған үшеуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Көлік қағып кеткен балалар ата-әжесіне қыдырып барғаны белгілі болды. Ауруханаға түскен үш баланың екеуін санавиация 20 тамызда Астанаға жеткізді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі қазақстандықтарға тиесілі делінген Дубайдағы 97 пәтер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының Құтқару қызметі түнде «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында Ресейдің...