Өскеменде ер адам мас күйінде дүкенді тонап кеткен

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2442

Өскеменде бетперде таққан ер адам мас күйінде дүкенді тонаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді тонады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Оқиға түнгі уақытта болды. Күдікті медицина маскасымен бетін жасырып ғимараттың бірінші қабатындағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген.

Ол жерден ер адам тиын салынған контейнерлер мен әртүрлі ақша купюраларын ұрлап кеткен. Күдіктінің айтуынша, ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұған дейін дүкенге бірнеше рет кулерге су жеткізген. Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...