Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігі ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: ТЖМ

АЙМАҚТАР
2581

Төтенше жағдай министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бүгін 2024 жылғы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190ar әуе кемесі апатты жағдай жариялап, Ақтау әуежайына қонуға жағдай жасау туралы ақпарат түсті. Қону уақыты шамамен сағат 11:25 деп белгіленген.

«Алдын ала ақпарат бойынша бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған. Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Жалпы операцияға азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамынан 701 адам және 82 бірлік техника жұмылдырылуда. Сағат 11:45-тегі жағдай бойынша өрт оқшауланып, 12:05-те сөндірілді. Сағат 14:10-да 29 адам, оның ішінде 2 бала медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қайғылы оқиға болып, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...