Синоптиктер Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарының тұрғындарына 2 қыркүйекте үсік жүретінін ескертті. Астанада және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Нөсер жаңбыр мен жабысқақ қар: Аймақтарда дауылды ескерту жарияланды
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
170
Астана - түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Алматы - түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысы - күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метр болады. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы - төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Оралда өрт қаупі жоғары деңгейде қалады.
Жетісу облысы - күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 23-28, кей уақытта 30 метр және одан да жоғары болады. Облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей уақытта нөсер жауын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 17-22 метр болады. Облыстың орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы - төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың шығысы мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, күндіз жылдамдығы 15-20, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні секундына 23 метр болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді. Өскеменде шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Абай облысы - күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Семейде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысы - түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді. Көкшетау түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус үсік жүреді. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, түнде екпіні секундына 15-18 метр болады. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Ұлытау облысы - солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы - күндіз облыстың батысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында секундына 15 метр болады. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метр болады. Павлодарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы - облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.