Сарыағаштағы қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

АЙМАҚТАР
2697

15 жерінен пышақталып, азапты өлім құшқан Жасұлан Әбдіманапты өлтіргендер марқұмнан бөлек тағы екі адамға қарыз алдыртқан, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы Жасұлан Әбдіманапқа қатысты қылмыстық істі зерттеу үшін Сарыағаш қаласында үш күн болған тележүргізуші Руслан Өтепбай айтты.

«Белгілі болғандай жас баланы өлтірді деп күдікке ілінген азаматтар марқұмды қоспағанның өзінде, басқа үш балаға займ алдырған. Олардың жасы небәрі 18-бен 20 жастың аралығында. Басты күдікті әскери адам. Үйленіп, ажырасқан. Журналистік зерттеу барасында күдіктілердің жақындарынан сұхбат алдым. Займ алып берген балаларды да бағдарламаға арқау еттім. Ең сорақасы, ол балалардың ата-аналары займ жөнінде хабарсыз», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...