Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы әртүрлі болады. Елордада жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады, ал Алматыда күн жылы болып, тек 29 қазанда жаңбыр жауады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдағы күндері мегаполистерде қар мен жауын-шашын болады
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
28 қазанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.
29 қазанда күн құбылмалы, күннің аяғында жауын-шашын (жаңбыр, қар) басталады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады: түнде секундына 2-7 метрге, күндіз 9-14 метр. Температура алдыңғы күннің деңгейінде сақталады: түнде -1...-3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.
30 қазанда күн құбылмалы, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Күн суытады: түнде 0...+2 градус, күндіз +5…+7 градус болады.
Алматыда ауа райы қандай болады?
28 қазанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз +10…+12 градус болады.
29 қазанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +10…+12 градус болады.
30 қазанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +12…+14 градус болады.