Берік Әбдіғалиұлы: Кей өңірлердің тарихи атаулары қайта оралуы керек

РУХАНИЯТ
2773

Жезқазған қаласында «Ұлытау облысының рухани дамуы» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын. Сонда сөз алған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Кеңес заманынан қалған атаулардан арылатын уақыт жетті. СҚО-ға - Қызылжар, Павлодарға - Баянауыл, БҚО-ға - Ақжайық, ШҚО-ға - Алтай деген тарихи атауларын қайтаруымыз керек» деген пікірін айтты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бастамасымен өткен шараға қатысқан Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы былтыр ғана ашылған облыстың «Ұлытау» деп аталуы елге ерекше рух, қуат бергенін атап өтті.

«Алғашында  облысты «Орталық Қазақстан» деп атасақ қайтеді деген ұсыныстар да болған. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жоқ! Ұлытау облысы деп аталсын» деген әділетті тарихи шешім қабылдады. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының қайта ашылып, өңір атауларының қасиетті жерлеріміз бен ұлы тұлғаларымызға арналуы бізді рухтандырды», – деді.

Облыс басшысы кеңе заманынан қалған атаулардан арылып, ежелгі аттарына оралатын уақыт жеткенін айтып өтті.

«Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерінде қасиетті тарихи атауларымыз қайта оралуы керек деп есептеймін. Батыс Қазақстан – Ақжайық, Шығыс Қазақстан – Алтай, Солтүстік Қазақстан – Қызылжар, Павлодар - Баянауыл облысы деп аталса, тарихи әділдік орнап, ел мен жер тағдыры үшін күресіп, осындай ұлан байтақ жерге иелік еткен ата-баба мұрасы қайта жаңғырар еді», – деп түйіндеді.

Мәдениет порталы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...