Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау жарияланды

Ашық дереккөзден алынған

РУХАНИЯТ
1555

Қазақстанда дарынды авторларды қолдап, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңыздылығын ашуды көздейтін «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазады madeniportal.kz.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу. Мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар сынды түрлі сала мамандарының еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.

Бұл байқау тек мамандықтың ерекшелігін ашып көрсетумен шектелмей, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, олардың армандары мен күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын көркем түрде бейнелеуді талап етеді. Байқау жас авторларға еңбек адамдарының рухын, олардың ерекше қасиеттерін ашып, жаңа образдар жасауға мүмкіндік береді.

«Жеңімпаз келесі жылы, яғни 2025 жылы Республика күнінде анықталады. Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ең үздік кітаптың жарық көруін және бүкіл ел бойынша таралуын қамтамасыз етеді», деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...