«1 миллиард 24 млн»: Президенттікке үміткерлердің шотында қанша ақша бар?

САЯСАТ
1897

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың есеп-шотында қанша ақша барын жария етті деп хабарлайды КТК арнасы.

ОСК мәліметінше, сайлау қорындағы ең көп қаржы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта. 1 миллиард 24 миллион теңгенің 510 миллионы – "Нұр Отан" партиясы мен үміткердің жеке ақшасы. Ал 514 миллионды сайлаушылар жинап берген.

Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы атынан президенттік сайлауға түсәп жатқан Жамбыл Ахметбековке 338 миллион теңге тиесілі. Оның 250 миллионы –коммунистік партия мен кандидаттың жеке қаржысы. Қалған 88 миллионды қолдаушылары жинаған.

Ал Дәния Еспаеваның шотында 113 миллион теңге бар. Ол қаржының барлығын үміткерге сайлаушылар жинап берген.

Амангелді Таспиховқа да 102 миллион теңгені қолдаушылары жинап беріпті. Ал Төлеутай Рахымбековтың шотына керісінше, сайлаушылардан ақша түспеген. 108 миллон теңгенің түгелі – партия мен кандидаттың өз ақшасы.

Тағы бір үміткер Әміржан Қосановтың қорында 76 миллион 600 мың теңге жиналған. Оның түгелі дерлік – өзінің немесе қоғамдық ұйымның ақшасы. Сайлаушылардан небары 643 мың теңге түскен.

Ал ең аз қаржы "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке үміткер Сәдібек Түгелде. 76 миллионның 200 мың теңгесі үміткердің және оны ұсынған ұйымның ақшасы. Қалғанын сайлаушылар жинаған.

Айта кетейік, бұл қаржыны сайлаушылар үгіт-насихат жұмыстарына жұмсап жатыр.

Дереккөз КТК арнасы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...