Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды

САЯСАТ
3954

9 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Елдегі 17 өңірдің 12-сінде дауыс беру аяқталды. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары. Қалған 5 өңірдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00-де) аяқталады. 

Аталған өңірлер: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы күні сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...