Әміржан Қосанов кім?

САЯСАТ
4233

Әміржан Қосанов

Орталық сайлау комиссиясы "Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосановты президенттікке үміткер ретінде тіркеді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов Әміржан Қосанов 14 өңірден 131 189 қол жинағанын айтып, оның 129 582 қолды ғана есепке алғанын мәлімдеген болатын. "Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидатына президенттікке үміткердің куәлігі табысталды. Куәлікті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев берді. Әміржан Қосанов болса, хаттамада жоспарланбаса да, сөз сөйледі. "Рұқсат болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның әділ сайлау өтеді деген уәдесіне сеніп келіп тұрмыз. Орталық сайлау комиссиясы әділ сайлау өткізуге бізге мүмкіндік береді деген сенімімді білдіремін", - деді кандидат. Брифингте Қосанов журналистерге сайлау бағдарламасы дайын екенін айтты. "Бағдарлама дайын. Оны 11 мамырдан кейін жариялаймыз. Сайлау әділ өтуі үшін барымызды саламыз, - деген болатын. 

"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов - Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелген соңғы үміткер. Әміржан Қосановтың өмір жолы туралы интернетте қазақ тілінде толық әрі ашық жазылған ақпарат өте аз. Әйтседе, біз "Мәдениет порталынан" арнайы жеке парақ ашып, қысқаша өмірбаянын жариялап отырмыз. 

author

Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов

ЖУРНАЛИСТ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...