Кешкі сағат 18:00-ге дейін қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді?

САЯСАТ
4437

Орталық сайлау комиссиясы кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың қанша пайызы дауыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет бойынша 9 маусым күні кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың 72,9 %-ы дауыс беріп үлгерген. Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші бойынша Алматы облысы көш бастап тұр.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 72,9 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 81,0 %

Ақтөбе облысы бойынша – 84,1 %

Алматы облысы бойынша – 86,3 %

Атырау облысы бойынша – 71,1 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,2 %

Жамбыл облысы бойынша – 73,8 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,2 %

Қарағанды облысы бойынша – 72,8 %

Қостанай облысы бойынша – 81,1 %

Қызылорда облысы бойынша – 69,1 %

Маңғыстау облысы бойынша – 65,7 %

Павлодар облысы бойынша – 73,1 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,7 %

Түркістан облысы бойынша – 78,8 %

Алматы қаласы бойынша – 49,2 %

Шымкент қаласы бойынша – 63,6 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 63,7 %

Онда тұрғындардың 86,3%-ы дауыс берген. Сол сияқты үздік үштікке Ақтөбе облысы 84,1%, Қостанай облысы 81,1%, Ақмолы облыстары 81% еніп тұр.

Ал ең төмен көрсеткіш әзірге Шымкентке қаласына тиесілі. Онда тұрғындардың тек 63,6%-ы дауыс берген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...