“Денсаулыққа өте зиян”: Мың тонна бензол көлге құйылып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2086

Чехияның Оломоуц қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Чехияның Оломоуц қаласында 28 ақпанда 1000 тоннадан астам бензол тиеген жүк пойызы рельстен шығып кетіп, үлкен апат болған еді. Сол кезде бензолдың көп бөлігі жанып, 300-ден астам тоннасы маңайдағы көлге құйылған.

Бір айға жуық уақыт техногендік апат салдарымен күрескен жергілікті билік улы қалдықтардың жерасты суларына да қосылғанын анықтап отыр.

Сондықтан қалада 27 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Шығын көлемі 40 миллион еуродан асуы мүмкін.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...