Ақмолалық тұрғынды алаяқ оңдырмай алдап, тақырға отырғызды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2026

Ақмолалық тұрғын көлігін қайта есепке қоямын деп алаяққа алданған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

35 жастағы Целлиноград ауданы Ақмол ауылының тұрғынына  танысы көлігін ресейлік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеуге көмек көрсететіндігін айтқан. Алайда оған көлікті айдап келуі және 1 миллион 200 мың теңге ақшалай қаражат беруі керектігіне көндірген.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 2023 жылғы 22 желтоқсанда болған. Көлікпен ақшаны алғаннан кейін алаяқ көлікті сатып, жәбірленушімен байланысын үзген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің Сәтбаев қаласының 36 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.