Киелі орындар жекенің меншігінде емес мемлекет қарауында болуы тиіс – сенатор

Сенат
379

Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Киелі орындар жекенің меншігінде емес мемлекет қарауында болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қазақстандағы 25 мың ескерткіштің жартысына жуығы орналасқан Маңғыстау өңірінде мұралардың көбі тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілгенімен, оларды қарауға маман жетіспейді. Мәдени қабаттарды «қара археологтар» мен бұзақылар түрлі вандализм арқылы бүлдіріп жатыр. Жеті жұрт көшкен маңғаз мекендегі қорымдардың қоршау аумағына заңсыз құрылыстар, бейіттер салынып кеткен. Оларға қарсы қолданыстағы «Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану» заңы қауқарсыз. Айыппұлы небәрі 30 мың теңге ғана! Ұлытауда Жошы кесенесінің жанына әлдебір қалталы жақынын жерлеп кеткен, енді нысанды ЮНЕСКО тізіміне енгізу мүмкін болмай тұр», деді Д.Қыдырәлі.

Сенатор киелі жерлер шырақшылардың күн көріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналғанын айтты. 

«Тіпті ұлтқа ұран болған Бекет ата – жекенің меншігінде! Пір Бекет – бір қазақтың айбары емес, ол – бар қазақтың байрағы! Халықтың рухани қалпын қалыптастырған мұндай тұлғалар мекені құндылық ретінде мемлекет қарауында болуы тиіс! Сондықтан елімізде рухани ескерткіштерді қорғауға айрықша көңіл бөлу қажет», деді депутат.


Шоу-бизнес

Актер Жахан Отағалиев үшінші мәрте отбасын құрмақ , - деп хабарлады madeniportal.kz. Ол қуанышты жа...

Қоғам

Әлеуметтік желіде сот отырысы болатын залда әнші қыздардың өнер көрсетуі көпшілікті таңғалдырды, деп...