Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар саны анықталды.Vesti.kz-тің хабарлауынша, Қаз...
Қызмет орнын тастап кеткен: Әскери бөлімнен кетіп қалған сарбазға іздеу жарияланды
Фото: instagram/military_police_kz
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясының Бас басқармасы бірнеше күн бұрын қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен мерзімді әскери қызметшіге іздеу жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға 23 шілде күні таңертең болған.
2026 жылғы 23 шілдеде сағат 06:30 шамасында тәуліктік кезекшілік құрамында тәуліктік кезекші көмекшісі (күндізгі кезекші) қызметін атқарып жүрген 2004 жылғы 31 наурызда туған қатардағы жауынгер Мархан Айқын Ерланұлы қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен. Өзінде қару болмаған, – делінген іздеу хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметші әскери киіммен бөлім аумағынан шығып кеткен болуы мүмкін. Алайда кейін азаматтық киімге ауысуы да жоққа шығарылмайды.
Әскери полиция сарбаздың сыртқы келбеті туралы мәліметтерді жариялады.
Бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы қара, шашы қысқа, бетінде меңдері бар, – деп хабарлады ведомство.
Әскери полицияның Бас басқармасы іздестіру жұмыстары ішкі істер органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, – делінген хабарламада.
Әскери полиция сарбаздың жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды хабарласуға шақырды.
Келіп түскен ақпараттың құпиялылығына кепілдік беріледі. Іздестіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы Бас басқармасы басшылығының бақылауында, – деп атап өтті ведомство.
Ақпаратты төмендегі сенім телефондары арқылы хабарлауға болады: