“Ашатын уақыт келді”: Блогер Дамеля Sweet әнді шебер орындауымен таңқалдырды

Фото: видеодан скриншот

МУЗЫКА
1676

Блогер Дамеля Sweet әнді шебер орындауымен таңқалдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Көпшілікке Дамея Sweet лақап атымен танымал блогер, кәсіпкер қыз әлеуметтік желіде күтпеген жерден ән айтып видео жариялап, оқырмандарының жүрегін тағы бір мәрте жаулап алды. Ол видеода ағылгын тіліндегі әнді өте жоғары шеберлікпен орындаған. 

Танымал блогер арудың бұл өнеріне оқырмандары жақсы баға беріп, бір жағынан таңқалыстарын да жасырмады: “Дамеля ән де айтады екен ғой”, “Дауысың әдемі екен”, “Өлеңді қайдан жүктеп алуға болады?” деген пікірлер жазылған. 

Оқырмандарының күтпегенін түсінген Дамеля, пікір жазушылардың біріне:

"Музыкалық білім, вокал, опера, фортепиано, домбыра! 3 жасымнан бастап музыкамен айналысамын, бірақ мен оны алыстағы шкафқа жауып қойдым. Ашатын уақыт келген секілді” - деп жауап берген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...