Димаш Құдайберген енді «Болашақпен» оқиды

МУЗЫКА
2125


Танымал әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсті. Кеше «Болашақ» бағдарламасы иегерлерінің тізімі шыққан. 178 қазақстандықтың арасында танымал әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Республикалық комиссия шешімімен биылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және өзге елдердің жоғары оқу орындарында білім алады. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі. 2023 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді, - деп хабарлады бағдарламаның баспасөз қызметі. 

Тізімде 106-нөмірде Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы бар. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы бұл танымал, әнші Димаш Құдайберген екенін растап отыр. 

27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...