Димаш Құдайберген халықаралық ән байқауын ұйымдастыруға атсалыспақ

ашық дереккөзден алынған

МУЗЫКА
1112

Димаш Құдайберген жаңа тележобаға продюсер болады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда өткен фан-кездесуде тыңдармандарына жаңа шығармашылық жобасын таныстырды. Өнерпаз қытайлық Hunan TV арнасымен бірлесіп, жаңа вокалдық тележобаның продюсері және әділқазы алқасының мүшесі болатынын мәлімдеді.

«Менің халықаралық деңгейде танылуыма себеп болған I Am Singer жобасын ұсынған Hunan TV арнасымен алғашқы продюсерлік жұмысым жарыққа шықпақ. Бұл жоба да сол форматқа ұқсас. Әлемдік деңгейдегі музыканттар мен жас орындаушылар бірлесіп, өскелең ұрпаққа қолдау көрсетуді көздейді. Қазақта 'Арық айтып, семіз шық' дейді, сол себепті әзірге тек осыны бөлісуді жөн көріп отырмын», – деді Димаш.

Сонымен қатар, әнші 2025 жылғы қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеке концерт өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл — 20 мың көрерменге арналған әлемдегі ең танымал концерт алаңдарының бірі. Бұған дейін ол Нью-Йорктегі Barclays Center-де аншлагпен өнер көрсеткен болатын.

Кездесу барысында Димаш әйгілі актер Джеки Чанмен кездесуін де еске алды. Оның айтуынша, бала күнінен жанкүйері болған актермен танысуы күтпеген тосын сый болған.

Тағы оқыңыздар, Атыраудан шыққан жас дзюдошы Бекболат Иса Алматы қаласында өткен әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде көпшілікті таңғалдырды.

Димаш Құдайбергеннің бауыры, музыкант Мансұр Құдайберген астаналықтарды дебюттік концертімен тәнті етті.

author

Димаш Құдайберген

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы студент қыз Нұрай Серікбайдың туған ағасы Сұлтан желід...