«18-25 қайтып келмейді». Көптеген хит әндердің авторы Англияда құлпынай теріп жүр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1217

«Сен маған массың», «Достарым менің золотой», «18-25 қайтып келмейді», «Көк жигули» сияқты соңғы жылдардағы танымал хит әндердің авторы Нұрзат Рахатов Англияға мерзімдік жұмысқа кеткен, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Qaz365.kz жазды.

Композитордың шағын сұхбаты Tik-tok желісінде тарады.

Бұған дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істедім. Айлық аз. Отбасымда жыл сайын сәби дүниеге келді. Сондықтан ақша табу керек болды. Қосымша жұмыстар қарадым. Сол кезде интернеттен кездейсоқ Англияға жұмысшылар жинап жатқанын көріп қалдым. Былтыр мамыр айында алғаш рет бардым, - дейді Нұрзат.

Ол Англияда ешкім танымайтынын, өнер адам екенін байқамайтынын айтты.

Жақынырақ танысып, әлеуметтік желідегі парақшаларыма жазылған кезде ғана сұрап жатады. Ал былай ешкім білмейді. Бос кезімде ән жазамын. Тіпті, кейде шаршап тұрғаныма да қарамаймын, - дейді сазгер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...