Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...
Баян Мақсатқызының күтпеген әрекеті Анна Данченконы жылатты
коллаж MadeniPortal.kz
Анна Данченко өмірінің ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен продюсер Баян Мақсатқызына көпшілік алдында алғыс білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Баян Мақсатқызының жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қомақты қаржы аударғанын айтып, мұндай көмекті күтпегенін жеткізді.
«Баян Мақсатқызы, сізге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдердің бірінде маған көрсеткен жанашырлығыңыз, кең әрі мейірімді жүрегіңіз үшін рақмет. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін қаншама қаражат қажет екенін түсініп, маған осындай қомақты сома жібердіңіз… Оны көрген кезде одан сайын жылап жібердім. Ақша үшін емес, сізден мұндай қамқорлық пен қолдауды мүлде күтпегендіктен көзіме жас келді», – деп жазды Анна Данченко.
Оның айтуынша, ата-анасы бала кезінен қиындықты өз бетінше жеңуге тәрбиелегендіктен, ол ешкімнен көмек сұрауға дағдыланбаған. Сондықтан продюсердің бұл әрекеті оған ерекше әсер еткен.
«Жаның қатты ауырғанда, адамның жылуын ерекше сезінеді екен. Кейде бір ғана әрекет адамның жүрегі туралы мыңдаған сөзден артық айтады», – деп түйіндеді ол.
Анна Данченко аударылған қаражаттың нақты мөлшерін жарияламады.