“Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын”: Дариға Бадықова экс-жұбайына жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
665

Танымал актриса Дариға Бадықова экс-күйеуінің берген сұхбатына жауап ретінде жазба жариялап, өз шындығын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Дариға Бадықова мен экс-жұбайы Дархан Мұсаевтың отбасылық өмірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оған бірден-бір себеп, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбаты болды. Ол жерде өнер иелерінің ажырасуына не себеп болғаны айтылған. Алайда, ол бір тараптың шындығы болғаннан кейін, актриса әлеуметтік желідегі парақшада өз шындығын айтып берді. 

«Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой, деп көп нәрсені ашып айтпағанмын. Бекер жасаған екенмін...Барлық әйел солай деп ойлаймын. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпай-ақ қойсын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен «жертва» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз болған. Артысып, тартысып, бір үйде жай ғана тұрып жаттық. Толық айтармын бәрін. Киноға жасап отырған қастандығы бұл. Мені қызғансаң да, бағымды, өнерімді тартып ала алмайсың! Бақытты болып өмір сүрмедік. Менің тұншыққан күндерім көп болды. Уылжып отырып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім-ай. Жеке өмірді айтпаймын деуші едім, еркек өзі «жертва» болып отырған соң, мен де айтамын.

Мені о бастан көре алмай, өзін төмен санап қырылатынбыз! Қызғаныштың түбі міне – кино шыққанда жасап отырғаны», - деп жазды актриса. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...