Танымал эстрада жұлдызы Ернар Айдар өзін «той әншісі» деп сынаған Роза Рымбаеваға жауап...
Абай Бегейдің 16 жастағы қызының некесі мешітте қиылды ма: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Сымбат Абайқызы инстаграм парақшасынан
Абай Бегейдің 16 жастағы қызының некесі мешітте қиылуына қатысты ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі мәлімдеме жасады.
“Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі төмендегіні мәлімдейді: Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» құжатына сәйкес отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруы тиіс. Нике қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды”,- делінген мәлімдемеде.