Астана полиция департаменті тәркіленген 22 тонна ет өнімдерінің панасыз жануарларды бағып жатқан пан...
Петропавлда үш ер адам сұмдық жағдайда көз жұмды
Фото: freepik
49
Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайтыс болды. Дәрігерлер соңғы науқастың өмірін сегіз күн бойы сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға салдарынан 48, 52 және 75 жастағы үш ер адам көз жұмды. Алғашқы екі науқастың қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған еді. Кейін ауруханада ауыр жағдайда жатқан 75 жастағы зейнеткердің де өмірден өткені белгілі болды.
Медицина қызметкерлері егде жастағы науқастың өмірі үшін сегіз күн бойы күрескен. Алайда оның жағдайын жақсарту мүмкін болмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, үш ер адам белгісіз сұйықтықты бірге ішкен. Осыдан кейін олардың денсаулығы күрт нашарлаған.