“Бізге қол көтерсе де ренжімейміз”. Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың сынына жауап берді

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
1609

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың желіде тарап кеткен, МузАРТ тобының студиясына қатысты айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сәкен Майғазиев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында желіде тараған осы бір оқиғаға қатысты пікірін айтты. Ол Мақпал Жүнісованың бұл пікіріне ешқандай реніші жоқ екенін, түсініспеушілік туындағанын айтып, жағдайды түсіндірді. 

"Біздің студиямыздың алдында кішігірім ойнайтын автоматтар бар. Мақпал әпкемізге солар кедергі келтірген болуы керек. Мен көп қалалардағы студияларда болдым ғой. Негізі біздің МузАРТ-тың студиясы ең жақсы студиялардың бірі. Студия расымен екінші үйіміз сияқты ғой. Тап-тұйнақтай, тап-таза болып тұрады", - дейді Сәкен Майғазиев. 

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісова "қол көтерсе де" ренжімейтінін, өнердегі апасының барлық сынын көтеруге дайын екенін айтып өткен. 

"Ол кісі пікірін желіге жүктегенде тек біз ғана көреді деп ойлаған болуы керек. Ақкөңіл, аңқылдақ әпкеміз ғой. Ол кісіге не айтса да жарасады. Бізге қол көтерсе де ренжімейміз. Тек оны ақпарат таратушылар дүрліктіріп жіберді. Мақпал әпкемізге еш өкпе жоқ", - деді әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...