Есірткімен ұсталған Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1248

Осыдан бірнеше жыл бұрын есірткіге мас күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали Төреәліге күтпеген сыйлық берілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Желідегі мәліметке сүйенсек, Атырауда өткен концертінде Төреғали Төреәліге жүргізуші куәлігінің үлкейтілген нұсқасы сыйға берілді. 

Айта кетейік, Алматыда 2023 жылдың маусым айында әнші есірткіге масайған күйде көлік тізгіндеп бара жатқан жерінен ұсталған. Осы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті былай деп түсініктеме берген:

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды», - делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызды алып қашу қазақ дәстүріне жатпайды. Бұл түсінік кеңес дәуірінде қалыптасып, кейін қате түрде &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер б...