Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тойға шығуға ұялатынын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz&...
“Ешкімнің әйелін тартып алған жоқпын”: Олжас Абай елдің сынына жауап берді
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Актер Олжас Абай журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Өнер иесі жеке өміріне қатысты әңгімелерге тоқталып, өз ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Олжастың айтуынша, ол ешкімнің отбасын бұзып, біреудің әйелін тартып алмаған. Актер Дариғамен арадағы қарым-қатынасында әр нәрсенің өз уақытымен болғанын атап өтті.
Сұхбат барысында актер екінші некесі мен бірінші некесінен туған балалары туралы да айтты. Оның сөзінше, қайта шаңырақ көтергенімен, балаларының алдындағы әкелік міндетін атқарып жүр.
Олжас бірінші некесіндегі перзенттеріне қатысты жауапкершілігі сақталғанын жеткізді. Актердің айтуынша, ол балаларының өміріне араласып, әкелік парызын өтеуді жалғастырып келеді.