«Вокзалға апарып тастауым керек еді»: Уәлибек Әбдрайымов белгілі актрисаны өлді деп ойлаған

Ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
935

Отандық танымал актриса әрі блогер Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовқа қатысты қызықты оқиғаны айтып, елді күлдірді, деп хабарлады madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен қызықты оқиғасын "1001 түн" бағдарламасында бөлісті. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін Уәлибек Әбдірайымовтың өзіне деген асқан қамқорлығы мен жанашырлығын сезінгенін айтты.

"Дина үйге келген. Есікті ашып қалса, бір тотықұсы өліп қалыпты. Ол ақырып жылаған. Өзі аса эмоциналды қыз ғой. Уәлибек ағалар ол кезде Арысқа жетіп қалған. Сол сәтте Уәкеңнің әйелі Динаға хабарласқан. Ол қатты жылап, сөзін дұрыс жеткізе алмай қалған. "Жұлдызай әперген тотықұс өлді" дегені Уәлибек ағаның келіншегіне "Жұлдызай өлді" деп естілген ғой. Жанар әпке шошып, "Қашан?" десе, "Білмеймін, үйге келсем өліп жатыр" деп жауап берген Дина. Солай Уәлибек аға көлікті бұрып, қайта артқа қайтқан. Сол кезде ағамыз үйге жеткенше өз-өзіне келе алмағанын айтты. Аяғы дірілдеп шыға алмаған. Бесінші қабатқа көтерілсе, есік ашық тұрған. "Кіре алмай, тұрып қалдым" деді. Солай кіріп, жағдайды білген. Үйге келе жатқанда Уәлибек аға маған хабарласқан екен. Жолда болған соң желі ұстамаған. Ол кісі мені шынымен өліп қалды деп ойлаған. Сонда Уәкеңнің маған деген жанашырлығын ерекше сезіндім. Ол кісі маған өнердегі әкем болды ғой", - деді Дүйсенбиева.

Жаңалықтар

Астанада Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Серікжан Ахметжановтың Үкіметтің Қазақстанды біріңғай уақ...

Қоғам

18 қараша - Астана қаласы мәслихатының депутаты, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәрті...