Пойызда тәртіп бұзып басы дауға қалған жайдарманшы қамауға алынуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
890

Пойыз ішіндегі келеңсіз жағдай көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жаңалықты buzyqmedia парақшасы көпшілікке жариялады. Белгілі КВН ойыншысы әрі жайдарманшы Ақылбек Скендиров енді заң алдында жауап береді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол жол үстінде келе жатқан балалы әйелдің қатты зәресін алған деп хабарлайды

Бүгінде өнер иесінің үстінен ресми түрде әкімшілік іс қозғалды. Құзырлы органдар бұл әрекетті бірден екі бап негізінде қарастырып жатыр. Нақтырақ айтсақ оған

"Қоғамдық орында мас күйде болу" және "Ұсақ бұзақылық" бойынша айып тағылды.

Тәртіп бұзған азамат тиісті жазасын алады. Ол он бес тәулікке дейін қамауға алынуы әбден мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзбекстанда президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен бірқатар мемлекеттік орган өкілдерін заң...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция мәліметінше, жол апаты елорданың айналма жолында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. T...