“Жақсы көрген жоқпын”: Индира Елемес 10 жыл бойы сүймеген адаммен не үшін тұрғанын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
1796

Танымал әнші Индира Елемес сұхбат барысында жеке өміріне қатысты тың ақпаратпен бөлісіп, құпиясын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің сөзінше, қазір жұбайымен ажырасып жатыр.

"Ажырасу мәселесі 2022 жылдан бері келе жатыр. Мен ешкімнің жеке меншігі емеспін. Ол адамда басқаша ой болды. Он жыл бойы солай өмір сүргеніме таңғаламын", - деді ол.

Индира Елемес сұхбат барысында жан сырын ақтарды.

"Той болған жоқ. "Дубайда болсын" деп ұсынды. Мен "жоқ" дедім. Өйткені мен ол кісіні жақсы көрген жоқпын. Ол кісі оны жақсы біледі. Бастапқыда айттым, соңында да айттым. Мен еш уақытта жақсы көрмегенмін. "Жақсы көрген адамыма ғана ақ көйлек киіп, тұрмысқа шығамын" деп айтқанмын. Сондай мақсат қойдым. Олай болмады. Он жылдан аса уақыт сол кісімен тұрдым. Ер азамат болғаннан кейін  сыйладым. Біз қалай келістік, ол сөзінде тұра алған жоқ", - деді ол. 

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...