«Екінші рет үйленіп жатыр»: Жігіттер тобының әншісі сүйінші жаңалығын айтты

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
380

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов шаңырақ көтерген Мырзахан Маханов есімді бауырының қуанышымен бөлісіп, әлеуметтік желіде айтылған жағымсыз пікірлерге жауап берді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің айтуынша, қуанышты жаңалықты көпшілікке жеткізгеннен кейін кейбір желі қолданушылары жас жұбайларға тілек айтудың орнына өткен өмірін талқылауға көшкен.

«Бүгін Мырзаш бауырымыз шаңырақ көтерді. Елден сүйінші сұрап бөліскен қуанышымызға, өкінішке қарай, кейбір жандар жақсы тілек айтудың орнына өткенін қазбалап, өсекке айналдырып жатты. Адамның тағдыры әртүрлі. Бірақ бәріміздің де бақытты болуға хақымыз бар», – деп жазды әнші.

Бағлан Әбдірайымов той барысында Роза мен Айдана есімді жеңгелерінің келінді екі жағынан демеп, ақ жол тілегенін де атап өтті. Оның сөзінше, бұл – жас келінге берекелі отбасының үлгісін көрсетуге бағытталған ізгі дәстүр.

Сонымен қатар әнші дәл осы күні өзінің де үйлену тойы өткенін еске алып, отбасылық өміріне 16 жыл толғанын жеткізді.

«Міне, арада 16 жыл зырғып өте шығыпты. Шіркін, уақыт-ай! Алла әр шаңыраққа береке, әр отбасыға бақ пен бірлік нәсіп етсін! Мырзаш бауырымыз бен келінімізге ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, ұрпақ қызығын тілейміз!» – деп жазды өнер иесі.

Әнші көпшілікті өзгенің өткен өмірін талқыламай, қуанышына ортақтасып, жас жұбайларға ақ тілек айтуға шақырды.

«Екінші рет үйленген соң той жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ең құрығанда бала-шағасына деген сыйластық болуы керек. Бұл – әйеліне емес, бала-шағасына жасалған сатқындық», – деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман: «Бұрын стюардесса келіншегі болған сияқты еді», – деп пікір қалдырған.

«Масқара, не болып барады? Өз әйелдерің мен балаларыңды тастап, екінші рет үйленіп жатырсыңдар ма?» – деп жазған тағы бір желі қолданушысы.

СПОРТ

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Павлодарда өткен жарыс кезінде шымкенттік бапкерд...

Шоу-бизнес

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жеке өмірі мен табысын талқылап, жағымсыз пікір...