«Қартайтып жіберген сияқты»: Қайрат Нұртастың әйелі тағы да сынға ұшырады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
839

Қайрат Нұртастың әйелі, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жүктілігі жайлы бөліскен соң, түрлі жағымсыз пікірлер ала бастаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Instagram желісінде жүктілігі туралы ашық айтып жүрген Жұлдыз Әбдікәрімоваға құттықтаулармен қатар келемежге толы пікірлер де келіп түскен. Ол жақында жариялаған жаңа жазбасында өзіне жолданған бірнеше пікірдің скриншотын салып, оқырман назарына ұсынды.

«Жүктілік сізді қатты қартайтып жіберген сияқты», «Бетіңіз боп-боз. Билирубиніңіз қалыпты ма?, «Көз астында көгерген ізі бар. Жіп салдырдыңыз ба?», «Шашыңыз өсіп кеткен. Стилистке бармағалы көп болған ба?», - деді оқырмандары.

Актриса бұл пікірлерге жауап қатпастан, ешкімді айыптамай, бар болғаны скриншотты жариялап, оқырмандарын ойланып көруге шақырды: неліктен кейбіреулер жүкті әйелді сынауға бейім?

«Мына пікірлерге қарап, адамзаттың мейірімге, түсіністікке зәру екенін түсінуге болады. Жүктілік — әйел өміріндегі ең нәзік, ең құнды кезең. Мұндай сәтте сынау емес, қолдау қажет», – деп жазды оқырмандарының бірі.