ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі ко...
“Қалай тіледім, сондай болып шықты”. Әнші Ayree екінші күйеуі мен жеке өмірі туралы айтты
Фото: видеодан скриншот
Әнші Ayree «Мамский әңгіме» подкастында Айнұр Ілиясоваға сұхбат беріп, жеке өмірі мен жаңалықтары туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Подкаст жүргізушісінің әншіге «Күйеуің сенен екі жас кіші екен» деген сауалына Ayree «айтып қойдыңыз ғой» деп қалжыңдап еді, Айнұр Ілиясова "қазір жасы кіші жігіттерге күйеуге шығу сән ғой" деп өз ойын ашық айтты.
«Иә, жасы кіші, бірақ бұл мүлдем білінбейді. Күйеуім туралы айтсам, айтатын, мақтайтын әңгіме өте көп. Шыны керек, мен қалай өзім тіледім, күйеуім қандай болуы керек екенін қалай елестеттім, сондай болып шықты. Сондықтан, қыздар, барлығын армандап, сұрап алыңдар. Мен сыртқы келбеті емес, ішкі мінезін сұрадым. Бәрі сұрағанымша болды», — деді әнші.
Әншінің айтуынша, күйеуінің жасының кіші болуы олардың қарым-қатынасына ешқандай әсер етпейді, тіпті бұл айырмашылық байқалмайды. Ayree қыз-келіншектерге өз армандарына сеніп, болашақ жарын таңдағанда ішкі қасиеттеріне басымдық беруге кеңес берді. Оның айтуынша, армандаған нәрсені анық сұрау – сол армандардың орындалуына жол ашады.
Сұхбат барысында Ayree экс-күйеуімен араласпайтынын және оның басқа отбасы бар екенін жасырмады.
«Егер кейін балам қаласа, экс-күйеуіммен араласуына қарсы болмаймын. Бірақ қазір менің таңдауым осы болды, мүлдем араласпаймыз», – деді Ayree.