Сәкен Майғазиев анасы туралы жүрек тебірентер сөз айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
411

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Сәкен Майғазиевтің анасына арналған қонақ асынан видео жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кадрларда Сәкен Майғазиев анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, көзіне жас алды.

«Анамыз денсаулығы сыр беріп, сәждеге бара алмай қалғанға дейін намаз оқыды. Алланың бұйырған бес парызын бұлжытпай орындады десем, артық айтпаймын. Алла білуші. Қажылыққа 2014 жылы Нұрлан ағаммен бірге барып келді. Мен бақытты ұрпақтардың бірімін», – деді Сәкен Майғазиев.

Ал Алтынай Жорабаева әншіге көңіл айтып, анасының жаны жәннатта болуын тіледі.

«Сәкен аға, анаңыздың жаны жәннаттың төрінде шалқысын», – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Одан бөлек, шоу бизнес өкілдері әлеуметтік желіде өнер иесіне көңіл айтып, жазбалар жариялауда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанның Пешавар қаласында жекеменшік мектептің шатыры опырылып, кемінде 21 адам көз жұмды, деп х...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген GRAMMY студиясының жаңа "Global Mixtape" жобасына сұхбат беріп,...