«Үсті-үстіне тоқал алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер туралы тың деректер шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
439

Желіде Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиз Рамазанқызының үйленуге ұсыныс күйеу жігіттің бірнеше рет үйленіп, ажырасқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Осы тұста Наргиздің сүйіктісі делінген Жәнібек Ерболатұлы жазба жариялап, бұрын ажырасқанын мойындады.

«Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ажырасқаным рас. Бірақ ешкім менен зардап шекпеген. 4-5 әйел алды деген өтірік. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларыңыз мені өсектеп зая кетпесін. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға машина алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімідікі.

Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма? Ешкім сау сиырдың тезегі емес, әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау, кім ажыраспай жатыр. Осы өсектің артында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыңызға береке берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деп жазды кәсіпкер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұздағы зиратта құрғақ шөп тұтанып, мола өртке оранды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды, деп хабарлайды MA...