Балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын бөлісті

Ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
1881

Көпшілікке "Елдос Колобок" лақап атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, деп жазды madeniportal.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сегіз жылдан бері балалы болуды армандап жүрген ол күрделі ота жасатқанын айтты. Блогер отадан кейін видео жариялап, өзіне қолдау білдірген оқырмандарына алғыс білдірді.

"Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік. Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден "өкінішке орай" деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз, тілеулес болыңыз. Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа сүйінші сұрайтын күнге жетейік. Емделу барысында ішкен дәрі-дәрмек 1 айда 9,5 кг салмақ қосты. Бірақ бізге бәрібір, бастысы нәтиже бар", - деп жазды блогер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...