«Тағы бір ана ажал құшты»: Қайрат Нұртастың әйелі күтпеген жазба жариялады

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
316

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова қоғамда болып жатқан қайғылы оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі әйел қауіпсіздігі, отбасындағы жауапкершілік пен адамдық құндылықтар туралы ойын ортаға салды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта жаңалықтарды қараудың өзі ауыр тиіп жүргенін жазды. Оның сөзінше, елдің болашағы мен келешегі талқыланып жатқан тұста әйелдердің отбасында зорлық-зомбылық құрбаны болуы қоғам үшін үлкен мәселе.

«Соңғы уақытта жаңалықтар легін қарай алмай жүрмін. Елдің болашағы туралы айтып, келешегімізді талқылап жатқанда, тағы бір ана ажал құшты. Өзге біреуден емес, өзі сүйіп, сеніп, өмірін байлаған жарынан. Қыз баласы үшін өз үйі, өз жары қауіпсіз бола алмаса, біз қандай болашаққа ұмтылып жүрміз?» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса мұндай жағдайларға бір ғана адамды немесе белгілі бір топты кінәлаумен мәселе шешілмейді деп есептейді. Ол тәрбиесіз немесе білімсіз ер адамды ғана айыптау, ерте тұрмыс құрған қызды кінәлау немесе бар жауапкершілікті қоғамға арту дұрыс емес екенін жеткізді.

Оның пікірінше, мәселенің түп-төркіні әр адамның «адамдық межесіне» келіп тіреледі. Осы ретте ол ар, ұят, жауапкершілік, құрмет пен мейірім секілді құндылықтардың қазіргі қоғамдағы орнын сөз етті.

Жұлдыз Әбдікәрімова қоғамды адамдардан бөлек қарастыруға болмайтынын атап өтті. Оның пайымынша, отбасындағы тәрбие мен әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы қоғамдағы өзгерістің бастауы болуы мүмкін. Ата-ана баласына адамдық пен мейірімді үйретіп, азаматтар өз әрекетіне жауап беріп, ал мемлекеттік қызметшілер қызметін аманат ретінде қабылдаса, жағдай да біртіндеп өзгеруі ықтимал.

«Заң керек. Білім керек. Тәрбие керек. Бірақ олардың бәрінен бұрын, әркім өзінен былай сұраса екен: менің АДАМдық межем қандай?» – деп түйіндеді актриса.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 5 мыңнан астам мұғалім жетіспейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 тамызда Республикалы...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Қазақстандық оқушылар енді халықаралық олимпиадалардағы жетістігі үшін ғана емес, ғылыми жобалар бай...