Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов әнші Димаш Құдайбергенді мүшел жасымен құттықтап барды, деп хаб...
Жанар Айжанованың күйеу баласы қомақты қаржыға алаяққа алданып қалғанын айтты
ашық дереккөзден алынған
1120
Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы блогер Сәкен Қағаров жақын танысы алдап кеткенін айтып, ағынан жарылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол желідегі парақшасында жазғандай, видеограф әріптесі одан камера сатып алып, ақшасын бермей кеткен.
«Өте жақын танысыма сатып едім, арада 10 ай өтті. Үнсіз кетті, 200 мың теңгеге алған. Әрине, бұл өте үлкен сома емес, бірақ мәселе адамның сенімінде», - деді блогер.
Айтуынша, танысы бір-екі күнде қарызын қайтаруға уәде берген, алайда бірнеше ай өтсе де, сатып алған дүниесінің ақысын қайтармаған.