«Ұйқыдан тұрып сахнаға шыға салған»: Қайрат Нұртастың ата-анасының киімі жұртты таңқалдырды

Фото: видеодан скриншот (sn.kz)

Шоу-бизнес
899

Танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде сахнаға оның ата-анасы Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова шықты. Алайда желі қолданушыларының назары олардың еркін стильдегі киіміне ауып, видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желіде тараған кадрларда әншінің ата-анасы сахнада ұлымен бірге өнер көрсетіп жүргенін көруге болады. Көпшілік олардың образын әзілге айналдырып, түрлі пікір қалдырған.

«Папасы мен мамасы ұйқыдан тұрып келе жатқан жоқ па?», «Үйден шыға сала сахнаға шыққандай ғой» деп әзілдеген желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас әдеттегідей концертінде отбасы мүшелерін сахнаға шығарды. Бұған дейін де әншінің ата-анасы, жұбайы және балалары оның концерттік бағдарламаларына қатысып жүрген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызды екі жыл бойы зорлап, қорқытып кел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...