Мәскеудегі көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды, содан кейін өрт басталды, деп хабарлайды MADENIPORT...
Елімізде нәресте өліміне қатысты маңызды дерек жарияланды
ЖИ
Қазақстанда әрбір 1000 тірі туған нәрестенің үшеуі шетінеп кетеді. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендету мақсатында елімізде 16 балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан балалар өлімін азайту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізген. Бұған перинаталдық көмектің дамуы, заманауи медициналық технологиялардың енгізілуі және ана мен бала денсаулығын бақылау жүйесінің жетілдірілуі ықпал еткен.
Қазіргі уақытта елімізде салмағы өте төмен болып дүниеге келген нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 57 пайызды құрайды. Министрлік мамандандырылған медициналық көмекті дамыту және ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отыр.
Сонымен қатар жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету және құрсақтағы нәрестенің туа біткен ауруларын ерте анықтау жұмыстары күшейтілген.
«Аналар саулығы» бағдарламасы аясында ұрықты қорғау жөніндегі 22 орталықта бір күндік клиникалар ашылған. Мұнда заманауи диагностикалық әдістер мен құрсақішілік емдеу технологиялары қолданылады.
Министрліктің мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде туа біткен даму ақауларын анықтау көрсеткіші 12 пайызға артқан. Ал осы себептерге байланысты нәресте өлімі 15 пайызға төмендеген.
Алдағы уақытта елімізде ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру, өңірлердегі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және заманауи диагностика мен емдеу әдістерін кеңінен енгізу жоспарланып отыр.