Әнші Мейрамбек Беспаев аты аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовке ән арнады. Әннің видеосы Instagram...
«Жүріп-тұруым қиындап кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі ауруханаға түсіп қалған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй аламын деп алданғанының кесірінен денсаулығы сыр бергенін жасырмады, деп хабарлады madeniportal.kz.
Актрисаның сөзінше, соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберген.
«Сот процессі әбден есеңгіретіп жіберді. 2024 жыл басымнан талай сынақ өтті. Білдіртпеуге, жылап-сықтамауға тырыстым. ҚР азаматшасы ретінде заңға, әділдікке көзсіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциядан рет-ретімен өттіп келемін. Бұл жағдай отбасыма ауыр тиді. Балаларымның берекесі қашты. Соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді. Алданатынымды кім білген?! 2022 жылдың жазында үйлі боламын деп жүріп, алаяқтыққа тап болдым. Былтыр көп жайттар анықтала бастады. Шикілікті сезген сәттен құзырлы органдардан араша сұрадым. Үйімді қайтаруды мақсат етіп, сотқа жүгіндім. Осы тұстан бастап түрлі қиындықтар шырмауықтай шырмады. Мемлекеттік құқық қорғау органдары арызымды қарап, іс сотқа жеткенше, Дилярамен сан рет кездестік. Кездесу барысында ұяты оянып, үйімді қайтарып береді деп үміттендім. Бірақ, олай болмады. Қайта жолдасы екеуі сотта жеңіліс табатынымды ескертіп, қысым көрсетті», - деді Қайрат Нұртастың әйелі.
Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы жайттарға байланысты денсаулығының күрт нашарлағанын жеткізді.
«Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым сыр беріп, түн ортасында ауруханадан бірақ шықтым. Дәрігерлер жатып ем алуым керектігін айтты. Үйдегі балаларымды қараусыз тастай алмаймын деп, бір апта күндізгі стационарда емделдім. Жағдайым түзелмеді. Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті. Болмаған соң, Алматыдан апкемді шақыртып, ауруханаға жаттым. Түсірілімдер мен жобаларым толық тоқтады. Жұмыс жүрмеген соң, қаражат жағы, күн көріс қамы қиындай түсті. Сөйтсем, бұл қиындықтың басы ғана екен… Дәл қазір осының бәрін есіме түсіріп, жазып отырғанымның өзі өте ауыр», - деді актриса.