Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаеваға 5 жас кіші ер адам тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлады MA...
Жақында тұрмысқа шыққан танымал кәсіпкер ажырасқанын мәлімдеді
Фото: әлеуметтік желіден
1741
Жақында тұрмысқа шыққан танымал кәсіпкер Ерсай күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, отбасындағы жанжалға тойда берілген алтын бұйымдар мен сыйға тартылған үйге қатысты дау себеп болған.
Кәсіпкердің және оның жақындарының сөзінше, оның бес қайын әпкесі мен енесі тойда сыйланған алтындарға таласып, үйдің неліктен Олжастың емес, келіннің ағасының атына рәсімделгеніне наразылық білдірген.
Ерсай қайын жұртының көңілінен шығуға және олардың жағдайын жасауға тырысқанымен, бұл әрекеттері нәтиже бермеген. Жақындарының айтуынша, туыстарының көңілі толмай, ауыр сөздер айтуы жалғаса берген.
Отбасындағы келіспеушіліктер ушығып, ақыры кәсіпкер ажырасу туралы шешім қабылдаған.