Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
932

Aктер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Фариза Алмазқызының жазуынша, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тіркелген. Сондай-ақ осы жолы бұл істің нүктесін қоятынын да жеткізген. 

«Бүгінгі шақта Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды. 2 баппен! ҚР ҚК 115-1-бап және ҚР ҚК 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша. Біз адвокат екеуміз @advokat.v.zakone бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады», – деп жазды Фариза Алмазқызы.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан аталған іске қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...