Танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова балаларына діни сауаттылығына мән береді, деп хабарл...
Заттыбек Көпбосынұлы: 20 минутта түсірілген видеомен жұлдыз болып ояндым”
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақ эстрадасының белгілі әншісі, “Ақмаржан” әнімен кеңінен танымал Заттыбек Көпбосынұлы алғаш жұлдыз болып оянған сәтін еске алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
“Көреміз” бағдарламасында жүргізушінің «Жұлдыз болып оянған сәтіңіз есіңізде ме?» деген сұрағына әнші былай жауап берді:
“Сақ деген киностудия болды. Жаңажылдық 2007 жылды қарсы алуға жоба түсіріп жатты. Маған сол бағдарламаға видео түсірейік, әнің күшті тыңдалып жатыр ғой деді. Жарайды деп келісіп, 20 минутта түсірілген видео жаңа жылдық бағдарламада көрсетіледі. Азанда тұрсам мүлде басқаша. Шын айту керек, сол кез маған сынақ болған сияқты. Ары қарай қалай жүресің? деген секілді.”
Жүргізуші өнер иесін үлкен танымалдыққа алып келген әннің атауы туралы сұрағанда, әнші былай деп жауап берді:
“Ақмаржан - жиенімнің есімі. Әпкемнің үш жыл күтіп дүниеге әкелген қызы. Сол жиенімнің атымен шықты”.
Заттыбек Көпбосынұлы Ақмаржанның қалай пайда болғанын ерекше толқыныспен айтып берді.
“Мен қалаға келген жылы ағамның үйінде тұрдым. Ағам көп кітап жинайтын. Сол кітаптарды қарап отырсам, кішкентай ғана өлең кітапшасын көрдім. Сол сәтте осы әннің әуені келе қалды. Жәй отырыстарда өзіміздің арамызда орындап жүрдім. Негізі, эстрада әншісі болам деген түсіме де кірген емес”.