«Қайта-қайта үйлене береді»: Нумеролог Жахан Отарғалиевтің болашағын болжам жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1063

Танымал нумеролог Гүлжан Ким актер Жаһан Отарғалиевтің өмір жолына қатысты болжам жасады. Ол актердің бірнеше рет үйленуінің себептерін түсіндіріп, оның тағдырында белгілі бір «кармалық» әсерлер бар екенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Нумерологтың айтуынша, актер өмірінде бірқатар қиындықтарды бастан кешіреді, себебі оның әкесі жағынан «тектік карма» бар. Бұл дегеніміз – ата-бабаларының өміріндегі белгілі бір қателіктердің оның тағдырына әсер етуі.

 Гүлжан Ким «1» саны тек бір рет кездесетін адамдар өмірінде 2-3 рет үйленуі ықтимал екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бұрынғы өмірінде «құрбан» болған, яғни анасына немесе әйеліне материалдық тұрғыда тәуелділік сезінген. Қазіргі өмірде ол мұндай тәуелділіктен құтылуы тиіс.

Нумерологтың пайымдауынша, актер шын түсіністік пен қолдау көрсете алатын әйелді кездестірсе, жеке өмірінде тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Егер олай болмаса, қайта-қайта үйленіп, жеке өмірінде тұрақсыздық жалғаса беруі мүмкін.

Актердің екі «бестік» және екі «сегіздік» саны бар, бұл оның айналасына қамқорлық таныта алатынын көрсетеді. Сондықтан екі баласы бар әйелмен отау құрса, оның отбасылық өмірі үйлесімді болмақ.

Нумерологтың сөзінше, актер адамдарға тым сенгіш, ал айналасында оны пайдаланып кетуге бейім жандар бар. Сондықтан өзіне сенімді болып, өмірлік шешімдерді саналы түрде қабылдауға кеңес берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай Алматыда иттер талаған Максим есімді баланың жағдайы туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Biz Birgemiz Qazaqstan қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі Астана қ...